СҚО полицейлері мен жұртшылық өкілдері нашақорлық пен интернет-алаяқтыққа қарсы күресті талқылады

СҚО полицейлері мен жұртшылық өкілдері нашақорлық пен интернет-алаяқтыққа қарсы күресті талқылады

Қоғам белсенділері Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысында бірқатар ұсыныстармен және жоспарлармен бөлісті.

Кезекті отырыс екі өзекті мәселеге арналды: нашақорлықтың алдын алу кезінде туындайтын проблемалар, сондай-ақ интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров қоғам өкілдерін есірткі қылмыстарын анықтау мен жолын кесуге қатысты профилактикалық жұмыстар туралы хабардар етті. Руслан Сапаров алдын алу жұмыстарын күшейтуде тек полицейлер мен еріктілердің бірлескен күші жеткіліксіз екенін атап өтті. Профилактикалық сипаттағы бейнероликтерді дайындау мен таратуда, тақырыптық фильм түсіруде, облыс тұрғындары арасында нашақорлықпен күреске арналған кездесулерді ұйымдастыруда өзара іс-қимыл және жаңа әдіс-тәсілдер қажет. Қоғам белсенділері алдын алу шаралары – полицияның міндеті екеніне назар аударды. Өз тарапынан консультативтік-кеңесші органның мүшелері осы бағытта барлық қажетті ұйымдастырушылық шараларды қабылдауға уәде берді.

Қызылжар ауданы – қала маңындағы, халық тығыз қоныстанған аудан, оның орталығында облыс орталығы орналасқан. Қызылжар аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Рустам Садулов қала маңындағы аудан аумағында интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар туралы баяндады. Ауданда жыл басынан 27 алаяқтық фактісі тіркелген. Оның 25-і интернет арқылы жасалған. Полицейлер қылмыстың осы түрінің алдын алу бойынша кең ауқымды алдын алу жұмыстарын жүргізуде, бірақ тиімділігі жеткіліксіз.

Консультативтік-кеңесші органның төрағасы мен мүшелері Жасұлан Ахметов, Александр Казанцев, Төлеген Иманов, Павел Афанасьев, Арман Бердіғұлов барлық өзекті мәселелер бойынша тәртіп сақшыларының жұмысын оңтайландыру жөнінде ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, қоғам белсенділері облыс орталығында есірткі құқық бұзушылықтары орын алуы мүмкін нақты орындарды атап өтті. Бұл ақпараттың барлығы дереу жедел уәкілдерге тексеру үшін жіберілді.

Жиын соңында СҚО полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов консультативтік-кеңесші органның мүшелеріне белсенділіктері және пікірлері үшін алғысын білдіріп, барлық мәселелер мен тілектер облыс пен қала тұрғындарының қауіпсіз өмір сүруі үшін бақылауға алынғанын атап өтті. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.