Елордалық Полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті
"Есіл" ауданының Полиция басқармасында биылғы жылғы консультативтік-кеңесші органның бірінші отырысы өтті.
Төраға Абай Байгенжиннің басшылығымен, Астана қаласы ПД жанындағы консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің қатысуымен өткен отырыстың күн тәртібінде соңғы жылдары атқарылған жұмыстар туралы мәселелер, сондай-ақ ККО жаңа мүшелерін сайлау туралы мәселе қаралды.
Барлық өзгерістерге отырысқа қатысушылар оң бағасын берді. ККО төрағасы Абай Байгенжиннің айтуынша, кеңейтілген өкілеттіктер қоғам қайраткерлерінің елордалық полициямен тиімді жұмыс істеуіне жаңа мүмкіндіктер береді. Нәтижесінде, енгізілген өзгерістерге сәйкес ККО мүшелері оның құрамын бекітті, оның құрамына азаматтық қоғам өкілдері – "V-Technology" ЖШС директоры Василий Петрущак, қоғам және ғылым қайраткері, заң ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының құрметті академигі Есберген Алауханов, отбасы және бала мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі, Польша Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бибігүл Ысқақова, сондай-ақ "GPARK" құрылыс компаниялары тобының бас директоры Ғабит Сатмағамбетов кірді.
Отырыс барысында, әрбір тұрғын оған түсіністік танытатынына сенімді болу үшін азаматтардың өтініштері мен шағымдарын толық және сапалы қарауға ерекше назар аударылды.
Астана қаласы ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев қатысушыларды жыл қорытындыларымен таныстырып, елордадағы жағдай тұрақты және криминогендік жағдай бақылауда екенін атап өтті. Соңғы 5 жылда қылмыстар саны 2 есе азайды, бұған цифрландыруды енгізу ықпал етті. Кездесу барысында интернет - алаяқтық пен есірткі қылмыстарына қарсы күрестің өзекті мәселелері көтерілді.
Өткен жылы 232 есірткі қылмысы анықталды, заңсыз айналымнан 257,5 кг түрлі есірткі тәркіленді, 4 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды.
Бұдан басқа, жүргізіліп жатқан жаңғырту шеңберінде полиция жұмысының сервистік "адамға бағытталған" моделін енгізу қамтамасыз етілуде, полиция қызметіне клиентке бағдарланған тәсіл әзірленуде. Қалалық әкімдіктің қолдауымен Департаменттің материалдық-техникалық жарақтандырылуы айтарлықтай жақсарды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу мен ашықтық мақсатында толық режимде жұмыс істейтін жаңа 700 бейнетіркегіш сатып алынды.
Отырыс жұмысын аяқтай отырып, қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қарар қабылдап, биылғы жыл нәтижелі болатынын және тығыз ынтымақтастықта өтетінін атап өтті.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
18 пікір