МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 1-20 маусым аралығында 2021-2022 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға конкурстық іріктеу өткізетіні жөнінде хабарлады.

Конкурстық іріктеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес негізделеді.

Құжаттарды қабылдау және онлайн тіркелу qabyldau.daryn.kz сайтында 2021 жылдың 1 наурызы мен 25 сәуірі аралығында өтті.

Қазақстанның барлық өңірлері бойынша офлайн-тестілеу форматында өткізілетін 70 мамандандырылған білім беру ұйымына конкурстық іріктеу мамандандырылған мектептердің негізінде өткізілетін болады. Конкурс Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, өткізіледі.

Шығыс Қазақстан облысында конкурстық іріктеу Өскемен, Семей қалаларында облыстық мамандандырылған IT  мектеп-лицейінің және дарынды балаларға арналған Ш.Уалиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының базаларында жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеуге төртінші, бесінші, алтыншы сыныптарды бітірген оқушылар қатысады. Конкурстың тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалған. Мамандандырылған мектептерге түсушілер үшін толық ақпарат qabyldau.daryn.kz сайтында орналастырылған.

Мамандандырылған мектептерге конкурстық іріктеуді өткізу кезінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін барлық өңірлерге «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жауапты қызметкерлері комиссия құрамында және «Адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасының өкілдері жіберілетін болады. Емтихан өтетін мектептерде бейнебақылау камералары жұмыс істейтін болады.

Конкурстың қорытынды нәтижелері конкурстық комиссияның хаттамасымен рәсімделеп, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының qabyldau.daryn.kz сайтында және мамандандырылған білім беру ұйымының сайтында конкурс өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей орналастырылады. Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес ең жоғары балл санынан алынады. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция өткізілмейді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

35 пікір

  1. аватар
    Mabel 4 ноября 2024 14:51

    солнечногорск подработка для школьников озон работа вакансии удаленно без опыта работы спб работа
    на дому от тинькофф банк отзыподработки в нскы дистанционная работа для подростков 17 лет

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.