ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖГЕ ҚАБЫЛДАУ АШЫҚ ӨТУДЕ

ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖГЕ ҚАБЫЛДАУ АШЫҚ ӨТУДЕ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы политехникалық колледжінінің директоры Қасымхан Сенғазыев 2020-2021 оқу жылындағы Қабылдау комиссиясының жұмысымен таныстырды.

Кездесуге департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева, «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов және жоба менеджерлері мен қоғам өкілдері қатысты.

Еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты қабылдау комиссиясының жұмысына өзгерістер енгізілген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының" 4.1 тармағына сәйкес түсу емтихандары жүргізілмейді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі. 

Политехникалық колледждің директоры Қ.Сенғазыев қабылдау комиссиясының жұмысы бойынша ақпарат беріп, карантин жағдайларында қабылдау комиссиясының жұмысы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізіліп отырғанын айтты. Сонымен қатар,  колледж сайтындағы виртуалды конкурстық комиссиямен таныстырды.  

Колледжде құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 20 маусымынан басталған. 2020-2021 оқу жылына колледжге 450 мемлекеттік грант бөлінген. Қабылдау комиссиясының қорытындысы бойынша бүгінгі таңда байқауға 1083 талапкер құжатын тапсырған.

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына сәйкес қабылдау комиссиясының құрамы бекітілген. Қабылдау комиссиясының құрамына жергілікті және атқарушы атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының және ата-аналар кеңесінің өкілдері кірген.

Қабылдау комиссиясының жұмысындағы тағы бір жаңашылдық - колледждің сайтында күнделікті оқуға тапсырған тұлғалардың жиынтық балы көрсетілген тізімдік құрамы жарияланып отырады. Қабылдау комиссиясының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құжатта жиынтық балдың қорытындысы бойынша талапкердің нешінші орында тұрғаны көрсетіледі. Яғни, кез-келген оқуға тапсырған азамат өзінің мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға түсуіне қаншалықты мүмкіндігі бар екенін ашық көре алады. 

         Мирас Шекенов бұл тәжірибені елорданың басқа колледждеріне енгізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар Политехникалық колледжіндегі «Саналы ұрпақ» жоба кеңсесінің жұмысымен танысты. 

Тікелей эфир сілтемесі: https://www.facebook.com/astana.adaldyq.alany/videos/741767573312499/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.