Тергеу изоляторында кәмелетке толмаған айыпталушылармен тренинг өтті

Тергеу изоляторында кәмелетке толмаған айыпталушылармен тренинг өтті

Бет-бейнесінен әлі балалықтың лебі есетін осы бір тергеудегі жасөспірімдерді ауыр қылмыс жасады дегенге қимайсың. Әйтседе, болған іс болып, бояуы сіңді. Маңыздысы енді осы балалармен дұрыс тәлім-тәрбие жүргізу болып табылады.Сондықтан ЗК-169/1 тергеу изоляторына келіп түскен айыпталушы жасөспірімдермен жұмыс жасауға  мекеме қызметкерлері  аса көңіл қойып, әр шараға  мән беріп қарайды. Әсіресе, адам жанының емшісі  аталатын мекеме  психологтарының  жас жеткіншектермен жұмысын ерекше айтуға болады. Осы орайда психологтар, әділет аға лейтенанты А.Мырзалы мен А.Орынбаевтың ұйымдастыруымен тергеу қамауындағы кәмелетке толмағандар арасында « Өзіңді-өзің таны» деген тақырыпта тренинг өтті.Тренингтің мақсаты  Жасөспірімдердің сана-сезіміне игі әсер ете отырып, өз қателіктерін түсініп, жақсы жаққа қарай бағыттау болып саналады.    

 Мекеменің босаңсу бөлмесіне  келген  төрт  жасөспірім  алдымен өздерін  ерекше түрде таныстырды. Яғни, есімдерінің бас әріптерінен басталатын әріпке сай,өз бойындағы ерекшеліктерін атау керек болды. Алғашқы болып, Е. есімді жігіт өзін естімін десе, Т.есімді бала талапты жаспын деп таныстыруды жалғастырды. Ал, Н. есімді жігіт өзін нұрлы жанға теңесе, аты Р. әрпінен басталатын бала өзін рақымдымын деп таныстырды. Осындай  жан  жадыратар жақсы сөздер,  олардың бойларында сенімділік ұялатты. Бұдан соң қатысушылар  бір-бірінің қолдарынан айқастыра  ұстап,  шатасып  тұрысты.  Тренингтің шарты бойынша, шимайды шешу керек болатын. Олар біраз,ойланып әрекет етіп,  өздері жасаған шиеленіскен жағдайдан шыға алды. Келесі тренингтің шарты бойынша, төрт жасөспірім, әділқазылар алқасына келіп,өз өнерлерін көрсету керек болатын. Бірі жақындарын  сағынғанын айтты, бірі биледі,  қорыта айтқанда жан дүниесіндегі сезімдерін сыртқа шығара алды. Осылайша, үй-жағдайын еске түсіретін босаңсу бөлмесінде  өткізілген тренинг олардың көңлін сергітіп, балалық арман –қиялдарына қанат бітіріп, бостандыққа деген үмітін жалғап, жақсы күндерге  құлшынысын арттырды.

      Бұғанасы әлі қата қоймаған бозбаларды тәрбиелеу, үлкендерге қарағанда нәтижелі болар деп ойлаймыз. Олардың мінез-құлық сана сезімін, өмірге деген көзқарасын оң бағытқа өзгерту үшін алдағы уақытта  көптеген  тәрбие жұмыстарын жалғастырамыз деді, жасақ  бастығы, әділет лейтенанты Е.Қожақметов.  

Раушан Абрахманова

ЗК-169/1 мекемесі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.