Тергеу мекемесіндегі сотталғандар арасында спорттық шара өтті
1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ЗК-169/1 тергеу мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында спорттық іс-шара өтті. Бұл іс-шараны арнайы контигенттер арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімі қызметкерлері ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараның мақсаты айыпталушылар мен сотталғандардың патриоттық сезімін нығайту, спорттық іс-шараларға қатыстыра отырып, олардың түзеліп шығуына ықпал жасау болып табылады. Жаза мерзімін күтіп отырған және сотталған азаматтар шахмат,дойбы және қол күресі спорт түрі бойынша жарысқа түсті. Жарысқа белсене қатысып, жеңімпаз болған сотталғандарды мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,әділет майоры Қайрат Олжабаев грамотамен марапаттады.
Раушан Абдрахманова
ЗК-169/1 мекемесі
[xfvalue_img]