Пробация есебіндегі кәмелет жасқа толмаған жеткіншектермен тренинг өтті
Қызылорда қалалық пробация үйінде пробация есебінде тұратын кәмелет жасқа толмаған жас жеткіншектермен психологиялық тренинг өтті. Пробация қызметінің инспектор-психологы әділет капитаны Г. Жылкаманованың ұйымдастыруымен өткізілген шараға Жас жеткіншектерді бейімдеу орталығының мамандары қатысты. Тренинг барысында орталықтың педагог психологы А.Примжанова есептегі жас жеткіншектермен «Менің болашағым», «Менің отбасым» тақырыбында психологиялық тренинг-жаттығуларын өткізіп, әрбір адамның заман талабына сай тұлға болып қалыптасуы , арман- мақсатына жетуі өзіне байланысты екендігін айтты.
Тренинг жаттығуларына кәмелетке толмаған жеткіншектер қызығушылықпен қатысты. Өз ойларын ортаға салды.Соңында олар бір-біріне жақсы тілек айтты.
Қызылорда қалалық пробация қызметі
[xfvalue_img]
21 пікір