«ANTIKOR ORTALYGY» АЛАҢЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОНЛАЙН ДИАЛОГ ӨТТІ
«Астана» халықаралық қаржы орталығы басқарма төрағасының кеңесшісі, құқық, экономика және бизнес-менеджмент магистрі Асхат Кожумов Мемлекеттік басқару академиясы және оның аумақтық филиалдары қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Агенттіктің адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру бойынша жүргізген жұмыстарын ескере отырып, Асхат Кожумов осы өзгерістерді өзіңізден бастау арқылы ғана сыбайлас жемқорлықты жоюға болатындығын айтты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте шет елдердің тәжірибесін қолдану маңызды рөл атқарады. Олардың тәжірибесіне сәйкес пара алды деп күдіктелген шенеунік өзінің кінәсіздігін дәлелдегенге дейін кінәлі деп саналады. Мұндай қатаң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Сингапурды әлемдік рейтингте сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдер тізіміне енгізді», - деп атап өтті спикер.
Кездесу барысында Асхат Қожумов тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.
[xfvalue_img]