СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘСЕЛЕЛЕР С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИҚАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін «ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында «Астана» халықаралық қаржы орталығы Басқарма Төрағасының кеңесшісі Асхат Кожумов Аграротехникалық университеттің студенттері мен оқытушылар құрамымен онлайн форматта кездесу өткізді.
В ходе встречи Асхат Кожумов рассказал о реализуемых инициативах в рамках Проекта «Астана – адалдық алаңы» на территории столицы, целью которого является искоренение бытовой коррупции путем создания комфортных условий для граждан.
Асхат Қожумов бүгінгі өткізген кездесу барысында ең алдымен елордада бастау алған «Астана – адалдық алаңы» жобасына ерекше тоқталып өтті, сондай-ақ Агенттіктің жемқорлықты алдын-алу бағытында жүргізіп жатқан жұмыс барысымен таныстырды.
Агенттіктің қазіргі таңда ұстанатын парасаттылық, адалдық, әділдік, сенім қағидаттарын басты назарға ала отырып жемқорлық атты індетті жоюға болатынын және әрбір адам өзгерісті өзінен бастау қажеттілігін айтты.
Сондай-ақ спикер өз сөзінде шетел тәжірибесінен мысалдар келтірді. «Шетелдерде «сыбайлас жемқорлықтың презумпциясы» ұғымы енгізілген, оған сәйкес пара алуға күдікті шенеунік кері дәлел келтірмейінше кінәлі деп саналады. Мұндай қатаң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Сингапурды әлемдік рейтингте сыбайлас жемқорлық деңгейі ең төмен мемлекеттер қатарына шығарды. Бұл сыбайлас жемқорлықты өркениетті, ізгілікті әдістермен жеңуге болатынын дәлелдейді» - деді.
Бүгінгі студенттермен кездесу мазмұнды екі жақты диалог түрінде өтті. Сондай-ақ спикер өзінің оқиған кітаптарымен бөлісіп, қатысушыларға да аталған шығармаларды оқуға кеңес берді.
Тыңдаушылар Асхат Қожумовқа алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай кездесулерді жиі өткізіп тұруға тілек білдірді.
[xfvalue_img]