ЕЛОРДАЛЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТАҚЫРЫБЫНДА ОНЛАЙН ДИАЛОГ ӨТТІ
Астана халықаралық қаржы орталығының басқарма Төрағасының кеңесшісі, құқық, экономика және бизнес - менеджмент магистрі Асхат Қожумов Қаржы басқармасының еңбек ұжымымен онлайн форматта кездесу өткізді.
Сөз сөйлеу барысында Асхат Қожумов қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, сондай-ақ Сингапур, АҚШ және Қытай сияқты дамыған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жағдайымен таныстырды.
Сондай – ақ, спикер жас ұрпақтың бойында парасаттылық пен адалдық идеологиясын қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды.
Сонымен қатар, 2019 жылғы мемлекет басшысына ұсынылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндама талқыланды. Баяндамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық субъектілерінің (мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор және т.б.) жұмыс қорытындылары көрсетіледі.
Асхат Қожумов қаржы басқармасының ұжымын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізуге шақырды.
[xfvalue_img]