ГЛУБОКОЕ АУДАНЫНДА АЛҒАШ РЕТ МӘДЕНИЕТ НЫСАНЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

ГЛУБОКОЕ АУДАНЫНДА АЛҒАШ РЕТ МӘДЕНИЕТ НЫСАНЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

19 тамыз күні «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт жұмыс сапарымен Глубокое ауданына барып, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.

Шығыс Қазақстанда 683 ауылдық округ бар. Оның 116 тірек ауыл ретінде анықталды. 2020 жылы инфрақұрылымды дамытудың кешенді жоспары әзірленіп, 20 тірек ауылдың мәселесі іріктеліп алынды. Олардың қатарына: Глубокое, Бородулиха, Көкпекті, Күршім, Марқакөл, Қалжыр, Үлкен-Нарын, Катонқарағай, Солдатова, Тұғыл, Ақжар, Үржар, Мақаншы, Алтыншоқы, Шолпан, Қаратал, Қарауыл, Қалбатау, Ақтоғай, Әуезов ауылдары кіріп отыр. Ағымдағы жылы бұл ауылдарды дамыту мақсатында 7,7 млрд. теңгеге 50 жоба жүзеге асырылып, 661 тұрақты және уақытша жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға 31 жоба (білім – 13, денсаулық – 6, спорт – 6, мәдениет – 6), көлік инфрақұрылымын дамытуға 19 жоба көзделіп отыр.

2019 жылдан бастап «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының аясында 4 тірек елді мекен Глубокое, Көкпекті, Күршім, Үржар ауылдарында жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені (оның ішінде 1,9 млрд теңге республикалық бюджет есебінен) құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Күршім мен Үржар ауылдарындағы көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жабық бассейндер салынуда. Глубокое кентінде мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Ал Көкпекті ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынуда.

- Глубокое кентінде былтыр жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталды. Бұл нысан кентіміздегі алғашқы мәдениет ошағы, бұрын соңды мұнда мәдениет үйі болмаған. Аталмыш нысанды бас мердігер «Элхон» ЖШС және техникалық жабдықтауын «UK The Consulting» ЖШС орындауда. Құрылыс жоспарланған мерзім бойынша жүріп жатыр. Ішкі әрлеу жұмыстары мен ауланы абаттандыру жұмыстары ғана қалды, жуырда құрылыс нысаны толықтай аяқталады,-дейді Глубокое ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д. Ордаханов.

Жобалық кеңсе жетекшісі Маржан Бахыт мемлекеттік бағдарлама аясында Глубокое ауданындағы мәдениет үйінің құрылысымен танысып, жобаға бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуі, құрылыстың сапалы жүргізілуі секілді негізгі жұмыстар «Шығыс – Адалдық алаңы» жобасы аясында қоғам белсенділерінің басты назарында болатынын атап өтті.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.