АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА

АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА

18 тамыз күні «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшының орынбасары Ф. Бельбеевтің қатысуымен «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы» тақырыбында тікелей эфир өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың 2019 жылғы 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.

Осы орайда, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының аясында 4 тірек елді мекен Глубокое, Көкпекті, Күршім, Үржар ауылдарында жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені (оның ішінде 1,9 млрд теңге республикалық бюджет есебінен) құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Күршім мен Үржар ауылдарындағы көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жабық бассейндер салынуда. Глубокое кентінде мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Ал Көкпекті ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынуда. Осылайша, 26,5 мың тұрғын жаңадан бой көтеретін ғимараттармен қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауылдарды дамыту мақсатында 7,7 млрд. Теңге 50 жоба жүзеге асырылып, 661 тұрақты және уақытша жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға 31 жоба (білім – 13, денсаулық – 6, спорт – 6, мәдениет – 6), көлік инфрақұрылымын дамытуға 19 жоба көзделіп отыр.

Бұл туралы ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшының орынбасары Ф. Бельбеев эфир барысында мәлімдеді.

Жобалық кеңсе жетекшісі Маржан Бахыт мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылып жатқан жобалардың барлығы «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен қоғам белсенділерінің бақылауында болатын атап өтті.

Эфир соңында басқарма басшының орынбасары Ф. Бельбеев әлеуметтік желі арқылы «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы мен «Дипломмен ауылға» жобасы аясында келген сауалдарға жауап берді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.