ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛ ӘКІМДІГІ "АШЫҚ ӘКІМДІК" ФОРМАТЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Шығыс – Адалдық алаңы" жобасы аясында ШҚО, Көкпекті ауданының Самар ауылының әкімдігі "Ашық әкімдік" форматында жұмыс істей бастады.
Жобаның негізгі мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік органдардың ашықтығын, айқындылығын, есептілігін арттыру және қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру.
Самар – облыстың ірі ауылдық округтерінің бірі, бұрынғы аудан орталығы. Ауылдың көптеген тұрғындары мемлекеттік органдардың ыңғайсыз орналасуына шағымданатын. Жақын ауылдардың тұрғындары да өз наразылықтарын білдіретін. Атап айтсақ, Самар аймағы бойынша 8 ауылдық округ бар (Аққала ауылдық округі, Бастаушы ауылдық округі, Құлынжон ауылдық округі, Мариногорка ауылдық округі, Миролюбовка ауылдық округі, Палатцы ауылдық округі, Сарыбел ауылдық округі және Самар ауылдық округі). Халықтың жалпы саны 13207 адамды құрайды.
Енді, Самар аймағының барлық азаматтары осы "Самар – Адалдық алаңы" фронт-кеңсесінде тегін кеңес және құқықтық көмек алуға мүмкіндіктері бар.
Көкпекті ауданының әкімі А.Смаилов Палатцы, Сарыбел және Самар ауылдарының тұрғындары үшін фронт-кеңседе алғашқы қабылдау өткізді.
ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Е.Жалмағамбет:
- Өткен жылы "Ашық әкімдіктер" ШҚО-ның барлық аудан орталықтарында іске қосылды. Биылғы жылы үлкен ауылдарда, бұрынғы аудан орталықтарында осындай форматтағы әкімдіктерді құру жоспарлануда, олар Катонқарағай ауданының Катонқарағай ауылы, Күршім ауданының Марқакөл ауылы, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылы, Үржар ауданының Мақаншы және Таскескен ауылдары. Біз осындай «ашық әкімдіктер» арқылы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоя аламыз деп үміттенеміз.
[xfvalue_img]