Ақтөбе облысында 1000-нан астам жас мемлекеттік қызметші еңбек етуде

Ақтөбе облысында 1000-нан астам жас мемлекеттік қызметші еңбек етуде

Бүгінде тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін мемлекеттік қызметшілер қатарына жас, болашағы бар мамандарды тарту басты міндеттердің бірі болып табылады.

Осыған байланысты персоналды іріктеуде де, оларды мансаптық саты бойынша одан әрі жоғарылатуда да жаңа тәсілдер қаралуда.

Студенттік шақтан мамандарды мемлекеттік қызметке дайындайтын "Мансап" Ақтөбе мемлекеттік қызмет мектебі өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер қатарын жас кадрлармен толықтыруға жыл сайын үлесін қосуда. Бүгінгі таңда аталған мектеп түлектерінің 70% - дан астамы мемлекеттік қызметшілер болып табылады.

Жалпы алғанда, бүгінде облыстың мемлекеттік қызметінде 1044 жас мемлекеттік қызметші еңбек етеді, оның 88-і басшылық лауазымдарда.

Айта кетейік, жыл сайын өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің білім бойынша сапалық құрамы жақсаруда.

Осылайша, өңірлік мемлекеттік қызмет саласында 3 «Болашақ» бағдарламасының және 5 ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының түлектері еңбек етуде.

Ал жыл басынан мемлекеттік қызмет саласының табалдырығын 76 жас маман аттаған.

Сонымен қатар, 300 жас қазақстандықтан құралған Президенттік Жастар кадрлық резерві жас басқарушылар пулын айтарлықтай толықтырғаны анық.

Қазақстан бойынша іріктеуге 35 жасқа дейінгі 289 жас ақтөбелік қатысты.

Бүгінгі таңда 12 резервшінің 9-ы жоғары лауазымға тағайындалды.

Мысалы, 28 жастағы Нұржан Мақсатов облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан-Британ техникалық университетінің түлегі еңбек жолын 2014 жылы облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының іс жүргізу инспекторы болып бастаған. Әр жылдары облыстық индустриялық - инновациялық даму басқармасының бас маманы және бөлім басшысы болып қызмет атқарған.

«Президенттік кадр резервіне қатысқан 13 мың адамның қатарынан, үздік үшжүздікке ену маған күшімді сынап, сондай-ақ менің күшті және әлсіз жақтарымды түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қосымша тәжірибе алып, әр түрлі саладағы мамандармен жақсы байланыс орнаттым. Бұл жоба бөлім басшысынан Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасарына дейін өсуіме серпін болды», - дейді резервист.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке түсу рәсімін жеңілдету және мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау шараларын күшейту де назардан тыс қалмайды.

Осылайша, осы жылдан бастап Мемлекет басшысы кадрлық әлеуетті күшейтуге бағытталған "Дипломмен ауылға" бағдарламасына мемлекеттік қызметшілердің қатысуына мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, осы жылы Департаменттің бастамасымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде HR-мамандарды оқыту бойынша жоба қолға алынды.

 
 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.