Мемлекеттік қызмет мектебі Нұр-Сұлтан қаласында өз жұмысын жалғастыруда

Мемлекеттік қызмет мектебі Нұр-Сұлтан қаласында өз жұмысын жалғастыруда

Мемлекеттік қызмет саласында жаңашыл көзқарастарды қалыптастыру арқылы қоғамды мемлекеттік қызметтің жай-күйіне қызықтыра аламыз. Жаңашыл көзқарастар әрдайым заман ағымына қарай толығып отырады.

Біз атап отырған жаңашылдықтардың бірі ретінде жастарды мемлекеттік қызметке қызықтыру әрі оларды мемлекеттік қызметтің жұмысы барысымен таныстыруға бағытталған «Мемлекеттік қызмет мектебі» деп аталатын жобаның іске асырылуын атап айтқымыз келеді. Бұл жоба ең алғашқы рет Қарағанды және Ақтөбе облыстарының тәжірибесі бойынша жас мемлекеттік қызметшілер мектептерін ұйымдастырудан өз бастауын алып келеді. Қазіргі таңда бұл бастама елордалық жастарды тарту мақсатында одан әрі қарай өз жалғасын табуда.

Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асырылып жатқан «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы өз жұмысын ағымдағы жылдың 27-28 наурызы аралығында  жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын «Тұран-Астана» және С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетіне бару арқылы студенттерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуден бастады.

«Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасының басты мақсаты – таланатты әрі белсенді жастарды мемлекеттік қызмет саласына бағыттау болып табылады. Сондай-ақ жастардың көшбасшылық қасиетін, топтық рухы мен бастамашылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы мемлекеттік органдардағы кадр резервін қалыптастырудың алғышарттарын құру.

Сонымен қатар бұл жоба жастарды тәрбиелеуді, теориялық білімдерінің бекітілуін және мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар өткізуді алдағы атқарылатын міндеттерінің бірі ретінде қояды. Аталған міндеттерді орындау мақсатымызға және өзге де жоспарларымыздың жүзеге асырылуына жол ашады.

Жастар жылында жүзеге асырылып отырған жобалық жаңашылдық мемлекетте кадрлардың жоғары кәсібилігі мен бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеруімен және кәсіби аппаратты қайта даярлау процесінде мемлекеттік қызметте үзіліссіздік қағидатының сақтау қажеттілігімен өзекті болып табылады.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің,

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті, Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Алмагүл Ерсінқызы Кенебаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив