Ақмола облысындағы мемлекеттік аппараттың кадрлық құрамы жақсарды

Ақмола облысындағы мемлекеттік аппараттың кадрлық құрамы жақсарды

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ақпаратына сәйкес 2018 жылы ішкі конкурс қорытындылары бойынша жоғары деңгейлі лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер саны 16,6%-ға жетті.

Жыл сайын облыстағы мемлекеттік аппараттың кадрлық құрамы жақсарып келеді. Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 88% жоғары білімге, ал 16% - бірден артық білімге ие. Облыстың мемлекеттік қызмет жүйесінде кандидаттар мен ғылым докторлары, «Болашақ» бағдарламасының және мемлекеттік басқару академиясының түлектері қызмет атқарады.

Бүгін Ақмола облысында Департаменттің коллегиялық отырысы өтіп, онда өткен жылдың қорытындылары мен 2019 жылға арналған жоспарлар талқыланды. Өз сөзінде Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гульмира Евниева мемлекеттік қызметтің жағдайы жөнінде баян етті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта біз облыстағы мемлекеттік қызметтің мансаптық моделін жүзеге асырудың тұрақтылығы, меритократия ұстанымының нығаюы туралы айта аламыз.

«Облыстағы таза ауысымның көрсеткіші 6,1% құрап, сонымен қатар мемлекеттік қызмет жүйесінен шығарылғандар саны 5,1%-ға азайды. Жұмыстың тиімділігі мен сапасын анықтау мақсатында «Б» корпусының 4550 мемлекеттік қызметшілері қызметтік бағалаудан өтті. Оның ішінде «өте жақсы» 27%, «тиімді» - 68%, «қанағаттандырылған» – 5%» мемлекеттік қызметші» - деп Гульмира Евниева хабарлады.

Сынақ мерзімінен өту және тәлімгерлерді тағайындауға қатысты өткен жылы 460 мемлекеттік қызметшілерге сынақ мерзімінің тағайындалғаны белгілі болды. Сонымен қатар облыста мемлекеттік қызметшілерді оқытуға зор назар аударылады. Өткен жылы 1484 мемлекеттік қызметші оқудан өтті. Оған қоса, талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің оқыту мерзімдерін бұзғаны анықталды: 58 мемлекеттік қызметші уақытылы оқытылмаған. Осыған орай облыстың мемлекеттік органдарына ағымдағы жылы оқытылуға тиісті мемлекеттік қызметшілердің 100% қамтылуы ұсынылды.

Отырыс соңында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облыстық филиалының директоры Әлібек Баймағамбетов сөз сөйлеп, қатысушылардың назарын мемлекеттік органдардың айқындығын, есептілігін, онда іске асырылып жатқан үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.

 

Жазира Тоқтар,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.