Басшылардың қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлығы үшін отставкаға кету және тәртіптік жазаға тартылу туралы заңнамалық норманың орындалуы

Басшылардың қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлығы үшін отставкаға кету және тәртіптік жазаға тартылу туралы заңнамалық норманың орындалуы

2020 жылдың 7 айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен мемлекеттік органдарға қылмыстық құқықбұзушылықты және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы 1118 ұсыныс жолданды.

Оларды қарастыру нәтижелері бойынша 575 тұлға әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 72-і жұмыстан босатылды, 81-і лауазымынан босатылды, 68-не лауазымға толық сәйкес келмеу туралы ескерту, 10-ның лауазымы төмендетілді, 145-не қатаң сөгіс жарияланды.

Бақылаудың болмауы мен бағыныштыларымен заң бұзушылықтарға жол бергені үшін әр түрлі деңгейдегі 250 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның 46-сы лауазымынан босатылды, 7-і жұмыстан босатылды.

Осы аптада ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Баитовтың тікелей бағынысты қызметкерінің тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуы тиіс еді.

Түсіндіре өтейік.

25 шілдеде Комитеттің Ақмола облысы бойынша Департамент басшысы Молдағұловқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.

Ағымдағы жылдың мамыр айында ол тұлғалар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпкерден 700 мың теңге сомасында сыйақы алып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестат алуға қатысты оң шешім қабылдауға уәде берді.

Шенеунік қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы («алаяқтық») бойынша кінәлі деп танылды. Нәтижесінде – он есе көп 7 млн теңге мөлшеріндегі айыппұл мен мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру.

Алайда, Комитет төрағасы Баитов Молдағұловқа қатысты сот үкімінің (10 шілдедегі) заңды күшіне енуіне дейін өз еркімен қызметінен босатылды.

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдіктің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Олар дүкен құрылысына арналған жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертумен және сәулет-жоспарлау тапсырмасын берумен айқындалған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

23 шілдеде Қостанай қаласы әкімінің өкімімен теріс себептер бойынша тергеудегі Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Финк атқарып отырған мемлекеттік лауазымынан босатылды.

Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, онда 10 күнтізбелік күн ішінде қала әкімі отставкаға кетуі тиіс. 

Қостанай облысы әкімінің өкімімен Білім басқармасының басшысы Цымбалюк өз еркімен жұмыстан босатылды.

29 шілдеде оған бағынышты Білім басқармасы жанындағы «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы» КММ-нің басшысы Павличенко қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша кезекті төлемді жедел аударуға пара алғаны үшін ҚР ҚК 367-бабының 1-бөлігі бойынша сот үкімімен кінәлі деп танылды (үкім заңды күшіне енбеген).

3 тамызда әкімшілік құқық бұзушылық бойынша екі сот шешімі қабылданды.

Мемлекеттік қазына 2,2 млн теңгеге жуық еселенген айыппұл есебінен толықтырылады.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы (Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті) бөлімінің басшысы Батыров мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, азаматша Мақамбаевадан құжаттарды беруді жеделдеткені үшін заңсыз материалдық сыйақы алды.

Нәтижесінде ол жарты миллион теңгеден астам соманы (555 600) құрайтын 200 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, ал шенеуніктің айыппұл сомасы одан үш есе артық – 1 млн 660 мың теңгеден астам (1 666 800).

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.