Агенттік бірінші жартыжылдықта сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою үшін 1000-ға жуық ұсыныс енгізді

Агенттік бірінші жартыжылдықта сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою үшін 1000-ға жуық ұсыныс енгізді

 

Қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабының тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою үшін ұсыныстар енгізеді.

Заң шекарасынан өткен адамға жазаны сот белгілейді. Алайда, сол органда немесе мекемеде қайталанған құқықбұзушылық тәуекелдері қалады.

Осы жылдың бірінші жартысында әр түрлі мемлекеттік органдар мен мекемелерге шамамен 1000-ға жуық ұсыныс жіберілді.

Бестен бір бөлігі ішкі істер органдарына жіберілген. Одан кейінгі кезекте – әр түрлі деңгейдегі әкімдіктер.

Қаралған ұсыныстардың нәтижесі бойынша 477 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Олардың төрттен бірі жұмыстан босатылды.

Атқарып отырған лауазымына толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескертілгендер (59), және лауазымынан төмендетілгендер бар (8).

Жартысынан көбі сөгіс пен ескерту алды (қатаң сөгіс – 117, сөгіс – 127, ескерту - 34).

Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар да (6) бар.

Жазаланғандардың арасында 206-сы – басшы тұлғалар. Оның ішінде әрбір бесінші қызметінен айырылды (жұмыстан шығарылды – 6, қызметінен босатылды – 38).

Сонымен қатар, Агенттік өткен жылдың соңында қабылданған басшылардың отставкаға кетуі және бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін басшылардың тәртіптік жауапкершілігі туралы заңнамалық норманың орындалуына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Бүгінде бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін 3 саяси мемлекеттік қызметші отставкаға кету туралы өтініш берді.

Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі ауылдық округ әкіміне қатысты үкім шыққаннан кейін, прокуратура наразылығын қарау бойынша сот шешімін күтпестен, отставкаға беріп (Әлімқұлов, ҚР ҚК 361-бабы 1-бөлігі, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыру арқылы 505 мың теңге сомасында айыппұл) өз еркімен қызметінен босатылды.

БҚО Шыңғырлау ауданының әкімі отставкаға кетті, оның бағынышты – аудандық білім бөлімінің басшысы 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады (Сапаров, ҚР ҚПК 367-бабының 2-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі, 2-бөлігі, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойы және 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды).

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімі – қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлық құқыбұзушылығы үшін отставкаға берген (Кунедилова, ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі, белгілі бір лауазымдарда қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 12 млн теңге сомасында айыппұл). Оның отставкасы қабылданған жоқ, ол сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінде сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы кезеңінде бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге қатысты қылмыстық істер бар. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда отставкаға саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын 16 басшы беруі тиіс.

Олар республикалық деңгейдегі 3 басшы, 3 – облыстық, 3 – қалалық және 7 – аудандық деңгейде.

Бұдан басқа, 45 әкімшілік мемлекеттік қызметші бағынышты адамдарды соттаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Жақында Қостанай облысы Рудный қаласы аппаратының басшысы Қашар кентінің әкіміне қатысты сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың тергелуіне байланысты өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды.


 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.