АҚМОЛАЛЫҚТАР БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН 1 500 000 ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СЫЙАҚЫ АЛДЫ

АҚМОЛАЛЫҚТАР БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН 1 500 000 ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СЫЙАҚЫ АЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша тұрақты негізде оларды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жоюға және алдағы уақытта осындай фактілерді болдырмауға бағытталған шаралар қабылдауда.

Осы тұрғыда мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы негізінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою үшін ұсынулар енгізіледі.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осындай 64 ұсыныс енгізді. Оларды қарау бойынша өткізілген кездесулерге 500-ден астам мемлекеттік қызметшілер мен түрлі ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Қаралған ұсыныстардың нәтижелері бойынша 49 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың 7 – сі жұмыстан босатылды. Жартысынан көбі сөгіс пен ескерту алды (35 адам), сондай-ақ 7 адамға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді. Бұл ретте жазаланғандар арасында - 16 басшы болғанын айта кету қажет.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1 161 520 теңге сомасына 7 тұлғалар ынталандырды. Бұл көрсеткіш іс жүзінде өткен жылдың 12 айы нәтижелеріне тең және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға азаматтардың үлкен белсенділігінің көрінісі болып табылады.

Айта кету керек, елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты мемлекеттік органдардың онлайн-форматқа көшуіне байланысты қазіргі таңда ҚР ҚПК 200-бабының тәртібінде ұсынуларды қарау коммуникацияның техникалық құралдары арқылы онлайн-режимде жүргізіледі.

Облыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1424 Агенттіктің Саll-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салады. Оның негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялық қолдау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы хабарламаларды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды қабылдау.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.