ПОЛИЦЕЙЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУГЕ ШАҚЫРЫЛДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУГЕ ШАҚЫРЫЛДЫ

         Құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шараларын күшейту мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Мұрат Төлеубаев аумақтық Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

         Мұрат Төлеубаев ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін жағдайларды және басқа да заң бұзушылықтарды жою туралы енгізілген ұсыныстар бойынша ақпарат бере отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өткізілген іс-шараларға қарамастан, ішкі істер органдарында мұндай құқық бұзушылықтың жиі жағдайлары анықталатынын көрсетті.

         Кездесу барысында Атбасар және Қорғалжын аудандарының Полиция бөлімдерінің, Ерейментау ауданының Ішкі істер бөлімінің, Степногорск және Көкшетау қалаларының Полиция басқармаларының, сондай-ақ облыстың Полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер бойынша ұсыныстар қаралды.

         Соңғы екі жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер органдарына 82 ұсыныс жолдады, оларды қарау нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке, оның ішінде жұмыстан босату түрінде тартылды.

         Полиция органдарында сыбайлас жемқорлықтың қайталануын болдырмау мақсатында Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшылығы алдын алу сипатындағы нақты және пәрменді шараларды қабылдау қажеттілігін атап көрсетті, олардың ішінде қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік жұмыс жағдайларын жақсарту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне олардың нәтижелерін жария талқылауға шығарумен талдау жүргізу, өз лауазымдық өкілеттіктерін ұзақ және мінсіз орындағаны үшін қызметкерлерді көтермелеу, үміткерлерді қызметке сапалы іріктеу және т.б.

         Сондай-ақ, полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялық көмек көрсету мақсатында Агенттіктің 1424 Call-орталығы  жұмыс істейтінін еске салды.

         «Сыбайлас жемқорлықты тек құқық қорғау органдарының қызметкерлері жоғары қағидаттар мен мемлекетке адалдық, сатылмаушылық, парасаттылық, мемлекеттік мүдделердің жеке мүдделерінен басымдығы, сондай - ақ лауазымдық міндеттерін үлгілі орындау сияқты қасиеттерге ие болған кезде ғана жоюға болады», - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.

 

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Динара Нұртаз

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.