СҚО Есіл ауданы әкімінің орынбасары мен селолық округ әкімі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануда күдікке ілінді
Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі СҚО Есіл ауданы әкімінің орынбаары мен селолық округ әкіміне қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Олар 2020 жылдың мамыр айынан бастап маусым айына дейінгі аралықта жеке меншік ұйымды тарту арқылы селолық округ әкімдігінің балансында тұрған бұрынғы мекеменің металл құрылмасын заңсыз бұзу және сату арқылы мемлекетке 2,5 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтіруде күдікке ілінді.
Сонымен қоса, жоғарыда аталған әкімнің орынбасары сумен қамтамасыз ету жүйесінің жөндеу жұмыстарына бөлінген бюджет қаражатына жеке меншігіне жүк автокөлігін сатып алу арқылы мемлекетке 4 млн теңге сомасында материалдық шығын келтіру бойынша күдіктелуде.
ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.
СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
[xfvalue_img]