СҚО ЖЕМҚОРЛАРЫ 400 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТТЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРДЫ
Бұл туралы «Antikоr ortalyǵy» алаңында өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Ернар Баянғазин мәлімдеді.
Жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылаған аумақтық департамент басшысы өз сөзінде ведомство жұмысында басты екпін жазалау шараларын іске асыруға емес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың алдын алуға жасалғанын атап өтті. Дегенмен 2020 жылы 54 қылмыс тіркеліп, оның ішінде 37-сі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша екендігін тілге тиек етті.
«Өндірісте 84 қылмыстық іс болды, олардың 36-сы сотқа жіберілді. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген шығын 458,2 млн.теңгені құрады, оның 98,6%-ы өтелді», - деді Ернар Баянғазин.
Жедел және тергеу іс-шаралары барысында ағымдағы жылы мемлекеттік органдардың 5 басшысы әшкереленді. Оның ішінде 1 облыстық, 3 аудандық және қалалық маңызы бар және 1 ауылдық маңызы бар.
12 адам сотталды, олардың 6-уы бас бостандығынан айырылса, 5-уі айыппұлға және 1-уі бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
[xfvalue_img]