Ернар Баянғазин: бюджет қаражатын ұрлау және тауарларды алыпсатарлау фактілері бойынша қайда хабарласуға болады?
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы Ернар Баянғазин, мемлекеттік органдардың жетекшілерін өз ұжымдарында жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстарын үздіксіз қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды аталған жауапты жұмыстан жалтармай, нәтижені іс жүзінде көрсетуге шақырды.
Онлайн режимде өткен брифинг барысында Департамент басшысы Ернар Баянғазин мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының басшыларына, кәсіпкерлерге және жұртшылыққа үндеу жасады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша пандемиямен күреске, су тасқынына қарсы іс-шараларға және атаулы әлеуметтік көмек үшін қомақты қаражат бөлінуде. Мемлекетімізде орын алған ахуалға, сондай-ақ алдын алу сипатындағы қабылданып жатқан шараларға қарамастан, республикада бюджет қаражатын ұрлаумен, парақорлықпен, медициналық тауарлармен және азық-түлікті алыпсатарлықпен байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері әлі де тіркелуде. Сіздерді белсенді азаматтық ұстанымды мен жақындарыңызға қамқорлық көрсетуге шақырамын. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың барлық жағдайлары туралы 1424 жедел желісіне немесе СҚО бойвнша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің электрондық мекенжайларына хабарлау қажет», - деді облыс тұрғындарына Ернар Баянғазин.
[xfvalue_img]