Өрт сөндіру қызметінің басшылары не үшін «сөгіс» алды

Өрт сөндіру қызметінің басшылары не үшін «сөгіс» алды

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ернар Баянғазин онлайн-брифингте мәлімдеді.

Оның айтуы бойынша, саяси емес, А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі туралы заңмен тікелей бағынысты адамдар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда тәртіптік жауапкершілік енгізілген.

«Мысалы, сот үкімімен СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас маманы 2,6 млн. теңге көлемінде жауапкершілікке тартылды. Ол ЖШС бірінің директорынан анықталған бұзушылық фактісі бойынша шара қолданбағаны үшін пара алған еді. Біздің ұсынысымыз бойынша қызметтік тергеу және тәртіптік комиссия отырысы өткізілді. Нәтижесінде оның тікелей жетекшісі мен кадр саясаты бөлімінің басшысына «қатаң сөгіс» жарияланды», - деді Ернар Баянғазин.

Спикер тағы бір мысалды жергілікті атқарушы органдар қатарынан келтірді.

Атап айтқанда, автокөлік жолдарын қарау және қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алуға қолдау жасағаны үшін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы орынбасарының ЖШС директорынан пара алу фактісі бойынша. Ол сот үкімімен 4,5 млн.теңге көлемінде айыппұлға тартылды және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

«Бқл жерде атап өту керек, Заңда бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу бойынша басшылардың міндеті енгізілген. Бұл міндетті орындамау немесе тиісінше орындамау басшының тәртіптік жауапкершілігіне әкеп соғады. Мәселен, осы жағдайда жоғарыда аталған басқарма басшысы өз еркімен өтініш жазып, атқаратын қызметін босатты», - деді Ернар Баянғазин.

Сондай-ақ, спикер сыбайлас жемқорлық қылмысын саяси мемлекеттік қызметкерлердің тікелей бағыныстылары жасаса, онда олар «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының жаңа редакциясына сәйкес отставкаға берулері тиіс деді. Ал отставканы қабылдау немесе қабылдамау саяси қызметшіні лауазымға тағайындаған адамның өз еркі болып табылады.

«Бірақ мұндай факт өңірімізде әлі тіркелмеген», - деп қортындылады сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.