Тестілеу үрдістерін цифрландыру қажет

Тестілеу үрдістерін цифрландыру қажет

Мұндай қорытындыға «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері түрлі салалардағы мемлекеттік органдар өткізетін тестілеу рәсімдерінің ашықтығын анықтау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг нәтижесінде келді.

13 мамырда бұл жұмыс дәстүрлі «Antikor.Live» жобасы шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, тілдерді дамыту, ауыл шаруашылығы, МСҚБ басқармалары, сондай-ақ ТЖД және ветеринарлық бақылау инспекциясы басшыларының қатысуымен талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мониторинг кездейсоқ өткізілмегенін тілге тиек етті.

«Толық цифрландырудың болмауы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау үшін белгілі бір алғышарттар жасайды. Мысалы, мұндай махинациялар МСҚБ басқарма басшысының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына негіз болды», - деді Нұрлан Жахин.

Жалпы облыс бойынша тестілеуді жеті мемлекеттік мекеме, соның ішінде тілдерді дамыту, ауыл шаруашылығы басқармалары және ветеринариялық бақылау инспекциясы әлі күнге дейін қағаз түрінде өткізеді.

СҚО әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тест тапсырмаларының базасын өздері қалыптастыратны және мекеме қызметкерлері сұрақтарға толық қол жеткізе алатындығы, сонымен қатар орталық деңгейде тестілеу процедурасына бақылау жоқтығы анықталды.

Мұндай жағдай барлық ведомстволарда қалыптасқан көрінеді. Сонымен қатар, тестілеу процесін бейне жазбалау жоқ.

Арнайы мониторингтік топ мүшесі Вадим Мусин цифрландыру мәселесін көтерді.

«Мұндай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Өйткені бұл тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты өршіту үшін жағдай жасайды. Ол үшін тестіленушілермен байланыс болмайтындай жұмысты жолға қою керек. Мысалы, АШБ-да теориялық емтихан колледжде қағаз түрінде қабылданады. Өткен жылы 165 адам емтихан тапсырды» - деді ол.

Жағдайды түзету үшін кеңестің бастамашысы облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Амангелді Сатанов бірқатар нақты шараларды ұсынды.

«Ең алдымен, электрондық тестілеуді өткізу тәжірибесін қолдану қажет. Үрдісті бастан аяқ фото-видео фиксациялау қажет, мондай-ақ, орталық органдар үшін онлайн-трансляция қамтамасыз ету керек. Осыған байланысты, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру аясында мемлекеттік органдарға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ҰТО базасында бірыңғай орталық базасында тестілеудің барлық түрлерін өткізуге бастамашылық жасауды және қарастыруды ұсынамыз» - деді Амангелді Сатанов.

Оның пікірінше, бұл шара өңірлерге онлайн бақылау жасай отырып, тестілеуді орталықтандыруға, жекелеген мамандарға жүктемені азайтуға және қызметтік үй-жайларды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.