СҚО ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТЕГІН ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында активке өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жаңа кеңесшісін таныстырды. Ол «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Амангелді Сатанов.
Амангелді Сатанов тілшілерге сұхбат барысында жаңа қызметтік міндеттері жайында айтып берді.
«Бұл жұмысты біз 2017 жылы Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы тұсында бастап, «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында жалғастырып келеміз. Негізінен бұл түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, мониторингілеу. Мониторинг фактісі бойынша жергілікті деңгейде тиісті ұсынымдар енгіземіз, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде мемлекеттік органдармен бірлескен жоспар бекітеміз. Сыбайлас жемқорлық көріністері мен билік тарапындағы әрекетсіздіктерді жою бойынша нақты жұмыстар атқарылуда», - деп түсіндірді Амангелді Сатанов.
Сондай-ақ ол, штаттан тыс кеңесшісі лауазымына ақша төленбейтіндігін айтты.
«Кеңесші ретінде жалақы қарастырылмаған. Өйткені мен жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын жобалық кеңседе жалақы аламын», - деді Амангелді Сатанов.
[xfvalue_img]