СҚО Арнайы мониторинг мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жандандыруды көздеп отыр

СҚО Арнайы мониторинг мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жандандыруды көздеп отыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин «Facebook» желісінде өткен кезекті «Antikor.Live» жобасы аясында мәлімдеді.

Ол жемқорлыққа қарсы стратегияның аймақтық жоспарын жүзеге асыруға баса назар аударды.

«Стратегия ережелерін кезең-кезеңмен іске асыру іс-шаралар жоспарымен қамтамасыз етіледі. Стратегияның мақсаттарына қол жеткізудің қажетті шарты – ішкі және сыртқы болып бөлінетін мониторинг және оның орындалуын бағалау болып табылады. Сыртқы мониторингті арнайы құрылған мониторингтік топ жүргізеді. Оған қоғам өкілдері кіреді», - деді Жахин.

Сондай-ақ, ол арнайы мониторинг тобының мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторингті жоспарлы түрде жүргізетінін айтты. Мысалы, ағымдағы жылы мұндай мониторингке жер қатынастары, білім беру гранттарын бөлу, құрылыс және сәулет, АӨК және тамақ өнеркәсібін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік субсидиялар бөлу және беру, экологиялық реттеу, авторлық құқықты іске асыру, ӘКК қызметі және т.б. шағымдардың түсуіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына қарай ұшырайтын болады.

Сонымен қатар ол тақырыптық мониторинг не үшін жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторингті өз бастамасы бойынша жүргізеді. Белгілі бір салада, нақты мемлекеттік органдарда, ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін проблемалық мәселелерді зерделеу үшін», - деп атап өтті спикер.

Тікелей эфирде СМГ мүшелері тоқсан сайын мәжілістер өткізетіні және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органның кез келген басшысын тыңдауға құқығы бар екені белгілі болды.

Жыл басынан бері АМТ өкілдері салттық қызмет көрсету, ТЖ тасымалы, сондай-ақ жол құрылысы салаларында проблемалық мәселелерді анықтады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.