Парасатты жастар - жарқын болашақтың кепілі
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Көкшетау қаласының Біржан сал атындағы музыкалық колледжінде «Парасаттылық сабағы» өткізілді.
Адалдық пен парасаттылық ұғымдары, сондай-ақ жастар мен өскелең ұрпақтың рухани - адамгершілік құндылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі туралы қатысушыларға «Ақмола-адалдық алаңы» аймақтық жобалық кеңсесінің жетекшісі және облыстың Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Самира Тайтенова айтып берді.
Жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктеледі, өйткені ол аға ұрпақтың жасампаздық істер эстафетасын жалғастыру, біздің мемлекетке өркендеу мен бейбітшілікті қамтамасыз ету міндеті тұр. Бүгінгі таңда сіздердің әрқайсысыңыз уақыттың мақсатын терең сезініп, келесі формуланы нақты ұстануы тиіс: Парасаттылық – ұлттың рухани өзегі, ал жастар – Қазақстан болашағының қозғаушы күші», - деп атап өтті өз сөзінде Самира Тайтенова, қоғамдағы өзара қарым-қатынас мәдениеті туралы презентацияны ұсынды.
Парасаттылық сағаты аясында студенттермен аймақтық Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі, аумақтық Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Владислав Шуль кездесу өткізді.
«Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазіргі заманғы саясатты жүзеге асыру негізінде парасаттылық идеологиясы жатыр. Парасаттылық ұғымы адалдық, әділдік, сатылмаушылық сияқты құндылықтарды біріктіреді. Бұл тұрғыда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан құрылған Ақпараттық-ағартушылық штаб ағымдағы жылдың қараша айында қоғамның барлық жіктерінің арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең түсіндіру қызметін жүргізуге арналған», - деді Владислав Шуль және мемлекеттің халықпен сындарлы диалогын құрудың және кең ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды жүргізу арқылы адамгершілік қағидаттарды насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде, студенттік жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуды қалыптастыру бойынша үлкен жауапкершілік жүктелгенін түсіне отырып, алдағы уақытта бірлескен жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Айта кету керек, жастардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру және оқушылардың білім және мәдени деңгейін арттыру мақсатында осындай іс-шараларды өткізу жұмыстары тұрақты негізде жалғасатын болады.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]