Елордалық полицейлер "құқықтық тәртіп" жедел алдын-алу іс-шарасының басынан бері 60-қа жуық жүргізушіні масаң күйінде ұстады
Мерекелік күндер қарсаңында елордалық полицейлер полицияның қоғамдық көмекшілерімен бірлесіп "Құқықтық тәртіп"жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Іс-шара желтоқсанның 31-не дейін жалғасады.
Алдын-алу іс-шарасының мақсаты - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күресті күшейту және елорда аумағында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын-алу.
Жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы полиция қызметкерлері 100-ден астам қылмысты ашып, іздеуде жүрген 11 қылмыскерді ұстады. Сонымен қатар, 2800-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде, 1300-ге жуығы тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру, 330-ға жуығы шетел азаматтарының ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзуы, 150-ден астамы ұсақ бұзақылық пен 60-қа жуығы жүргізушілердің көлік құралың масаң күйінде жүргізгені үшін және т.б.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]