«Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасы
Елорда аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын-алу және ескерту мақсатында Астана қаласы полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызметі Басқармасының қызметкерлері мен полицияның қоғамдық көмекшілері ағымдағы жылдың 21-23 ақпан аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын-алу іс - шарасын өткізді.
Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен қала көшелерінде құқық бұзушылықтарды алдын-алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданды, тұрғын үй кешендерінің аулаларында, елорда тұрғындары мен қонақтары жаппай жиналатын және бос уақыттарын өткізетін орындарда жаяу жасақтардың патрульдеуі күшейтілді.
ЖАІШ 3 күндік қорытындысы бойынша полиция қызметкерлерімен 40-тан астам қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды. Сонымен қатар, 2200-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың 600-ге жуығы алкоголь ішімдіктерін ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін, 300-ге жуығы ұсақ бұзақылық фактісі бойынша, 200-ге жуығы Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша, ІІО есебінде тұрған 1000-ға жуық адам тексеріліп, 1000-нан астам адам азаматтық қару иесі және т. б. тексерілді.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы
[xfvalue_img]
21 пікір