«Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасы
Елордалық полицейлер жұртшылық пен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ағымдағы жылдың 28 ақпаны мен 06 наурызы аралығында "Құқықтық тәртіп"жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Аталған алдын-алу іс-шарасының мақсаты - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күресті күшейту және астана аумағында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын-алу.
Жедел алдын-алу іс-шарасының 1 күндік қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері 900-ге жуық аулаларды аралады, 20-дан астам қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 5 адам ұсталды. Сонымен қатар, 800-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды.
Полиция департаменті түрлі-түсті және қара металл ұрлығының, сондай-ақ, кәріз люктерінің ұрлануын алдын алу, жолын кесу бойынша жергілікті-рейдтік іс-шараларды үнемі өткізеді.
"Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында ағымдағы жылдың 28 ақпанында Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп металл қабылдайтын 4 орынды жапты, онда 2,5 тоннадан астам металл тәркіленді. Металл қабылдау пункттерінің 21 иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 463 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру).
Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен 30 металл қабылдау орындары жабылып, ол жерден 50 тоннадан астам металл тәркіленді.
[xfvalue_img]
19 пікір