Ақмола облысының полиция қызметкерлерін  парасатты болуға шақырды

Ақмола облысының полиция қызметкерлерін парасатты болуға шақырды

        Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу саясатын жүзеге асыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аумақтық Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

        Кездесу барысында белгілі қоғам қайраткері Ғосман Төлеғұл, Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы Өңірлік ақпараттық-ағарту штабының төрағасы ретінде сөз сөйлеп, қатысушыларға осы штаб жұмысының негізгі бағыттары және оның азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы маңызы туралы айтып берді.

        Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қараша айының соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан Республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб құрылды, оның мақсаты - халықпен сындарлы диалог құру, кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттау. Штаб халықтың түрлі топтары үшін әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып түсіндіру кездесулерін өткізуді қарастырады. Еліміздің барлық облыстарында халықты, оның ішінде Ақмола облысында да, толық ауқымда қамтуды қамтамасыз ету үшін өңірлік ақпараттық-ағарту штабтары жұмыс істей бастады.

        «Қазір біз азаматтық қоғамды штаб жұмысына аудандық деңгейде тарту мәселесін қарастырудамыз, осылай біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелеріне халықтың көптеп тартылуын қамтамасыз ете аламыз», - деп атап өтті Ғосман Төлеғұл.

        Сонымен қатар, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин қызметкерлерді ел Президенті қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа түзетулер туралы хабардар ете отырып, енді мемлекеттік органдардың басшылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне аса мұқият және жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті, себебі оларға бағынышты қызметкердің кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін және ұжымда алдын алу шараларын орындамағаны үшін тікелей жауапкершілік жатыр.

        Арман Бердалин жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтарды алмауға және қабылдамауға шақырып, әйтпесе, «сыйға берушілер» және «сыйлық қабыл алушылар» тиісті жазаға тартылады деп хабарлады.

        Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнематериалдарын көрді.

        Кеңесті қорытындылай келе, облыс Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерлан Оспанов мемлекеттік органның жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін, барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін де осындай алдын алу іс-шараларын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.