Балалардың жолдағы қауіпсіздігін сақтау үшін елордалық полиция қызметкерлері дәріс оқуда.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті балалардың жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қ. ПД-мен ЖКО алдын-алу мақсатында " Қауіпсіз жол", " Назар аударыңыз-балалар!", "Автобус", Қауіпсіздік апталығы", "Жаяу жүргінші» және т.б. сияқты 30 дан астам жедел алдын – алу іс-шаралары мен 15 ауқымды акциялар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан барлық жалпы білім беретін мекемелерде 15000-нан астам ақпараттық үгіт-насихат жумыстарын, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша ақпараттық кестелер мен бейнероликтерді таратты. Сондай-ақ, ақпараттық танымдық және балалардың жол көлік жарақатының алдын-алу бойынша 12 мыңнан астам дәріс оқылды, оған 130000 мыңнан астам балалар мен 15 мыңнан астам ата-ана қатысты. Сонымен қатар, тұрақты негізде "Мектепке жол", "Жол белгілері", "Жаяу жүргіншілер өткелдері және көлік құралдарының аялдау орындары", "Жаяу жүргіншілердің міндеттері", "Бағдаршам сигналдары", "Реттеушінің қимылдары", "Біз-жолаушылар" және т. б. тақырыптарда профилактикалық дәрістер өткізілді.
Жол қозғалысы ережелері бойынша алған білімдерін бекіту және балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бойынша жұмысты жетілдіру, балалардың жол-көлік жарақатының алдын-алу мәселелеріне мүдделі ведомстволардың, ұйымдар мен жұртшылықтың назарын тарту мақсатында, Нұр-Сұлтан қ. Полиция департаменті білім басқармасымен, қоғамдық даму істері басқармасымен бірлесе отырып, Ғ. Байтасов атындағы Қозғалыстың жас жол инспекторларының 19-шы аудандық және қалалық слеттерін өткізді, оған Нұр-Сұлтан қаласының 64 жалпы білім беретін мектептерінің командалары қатысып, 16 команда аудандық слетінің жеңімпаздары атанып, қалалық слетке қатысты. №67 мектеп –гимназиясының командасы қалалық слет жеңімпазы атанып, 16-25 тамыз аралығында Қарағанды қаласында өткен жас инспекторлардың республикалық слетіне жолдама алып, жалпы 20 топтың ішінен 6 орынға ие болды. Бүгінгі таңда елорда аумағында осындай 84 команда бар. Олар полиция қызметкерлеріне түрлі алдын-алу акцияларын өткізуге көмек көрсетіп, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы бойынша рейдтік іс-шараларға қатысады.
[xfvalue_img]
22 пікір