Полиция қызметкерлері балабақшаларда дәріс оқыды
Кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасының алдын-алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілерімен жолды тек қана белгіленген жерден өту тақырыбында профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын учаскелік полиция қызметкерлері «Жол қозғалысы ережесі», «Жолдағы балалар», «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» тақырыбында дәріс оқуда. Сонымен қатар бүлдіршіндерге жол қозғалысы ережесін сақтау туралы бейнероликтер көрсетілді.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
20 пікір