«Бірыңғай терезе» порталының 4 айдағы жұмысының алғашқы нәтижелері: өсімдіктерді қорғау құралдары  саласында 57 қорытынды берілді

«Бірыңғай терезе» порталының 4 айдағы жұмысының алғашқы нәтижелері: өсімдіктерді қорғау құралдары саласында 57 қорытынды берілді

 

2019 жылдың 27 наурызында экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталы пайдалануға енгізілді. Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясымен (ЮНКТАД) бірлесіп іске асыруда.

«Бірыңғай терезе» порталының көмегімен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар экспорттық-импорттық операцияларды жасау үшін қажетті ақпаратты бірыңғай өткізу арнасы арқылы стандарттандырылған түрде ұсына алады. Сонымен бірге, портал тауарларды әкелу/әкету үшін қажетті алдын-ала ақпаратты алу мүмкіндігін береді.

Ағымдағы жылғы 29 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін өсімдіктерді қорғау құралдары саласындағы құрауыштар пайдалануға енгізілді. 2019 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша 71 рұқсат құжаттары өңделіп, 57 қорытынды берілді.

Ағымдағы жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі үшін санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құрауыштар пайдалануға енгізілді. 2019 жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат құжаттарды беруге арналған 24 өтініштер өңделді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚМ МКК БҰҰ ЮНКТАД-пен бірлесіп ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқталуы жоспарланған, Келісімшартта көзделген қалған жұмыстарды жүргізуде.

Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталынның ресми парағының мекенжайы – www.eokno.kgd.gov.kz.

«Бірыңғай терезе» порталы жұмыстарының мәселелері бойынша қолдауды қамтамасыз ету үшін, https://t.me/eoknokz сілтемесі бойынша қосылуға болатын Telegram-да ашық тобы құрылды. 

Еске сала кетейік, «Бірыңғай терезе» порталы арқылы келесі базалық элементтерге қол жеткізуге болады:      

  • Электрондық рұқсат құжаттарын және лицензияларды алу;
  • Кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын тұлға мәртебесін алу жөніндегі электрондық қызмет көрсетулер;
  • Электрондық кедендік декларация тапсыру;
  • Кедендік алдын ала шешімдерді беру бойынша электрондық қызмет көрсету;
  • Интеграцияланған кедендік тариф;
  • Анықтама және тізім құжаттары;
  • Нормативтік құқықтық құжаттарды іздеу және қарау.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.