2017 жылы Маңғыстау облысының тауар айналымы 4,5 млрд. АҚШ долларынан асты

2017 жылы Маңғыстау облысының тауар айналымы 4,5 млрд. АҚШ долларынан асты

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде экспорттық саясат және экспорттаушыларды қолдау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері, транспорт пен логистиканы цифрландыру мәселелері қаралды.

Аппарат отырысында экспорттық саясат және экспорттаушыларды қолдау туралы Маңғыстау облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Абдықадыров баяндады.

Маңғыстау облысы экспорттық-импорттық операцияларды әлемнің 89 елімен жүзеге асырады, оның ішінде экспорттық операцияларды 37 елмен, импорттық операцияларды 86 елмен қарым қатынас жасайды (импортты Армения, Ауғанстан және Тунис елдерімен жүзеге асырады).

«2017 жылы Маңғыстау облысының тауар айналымы  4 556,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,2% өскен.  Сыртқы сауда теңгерімінің оң сальдосы 4 006,6 млн. АҚШ долл. құрады. Сондай-ақ, 2018 жылға қарай аймақ бойынша тауарлар экспорты 28,7 млн. АҚШ долларын құрайды деп күтілуде.

Аймақтағы экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға қолдау көрсету үшін бірқатар іс-шаралар жүргізілді. 2017 жылы АҚ "Қазазот", "Экспорттаушы-2020" желісі бойынша жалпы сомасы 6,0 млрд. теңге жеңілдікпен кредит берілді (9,0%). Астық терминалы "Ақ-бидай" "Экспорттаушы-2020" бағдарламасы аясында  "шетелдегі инвестицияларды сақтандыру " құралын пайдаланды. "Өнімділік 2020 "Бағдарламасы шеңберінде" "Қазазот" ЖШС индустриялық-инновациялық жобаны әзірлеуге және сараптауға арналған жоспарын жасақтауға жұмсалған 3 млн. теңге шығынын мемлекет өтеді. "Өнімділік 2020 "Бағдарламасы шеңберінде" АО "Arcellor Mittal Products Aktau" АҚ құзыреттілігін арттыруға жұмсалған 14 млн. теңге шығындарын мемлекет өтеді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері туралы Маңғыстау облысы бойынша табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Сержан Сихымбекұлы мәлімдеді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айынан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 50 өтініш түсті. Көбінесе тұтынушылар құқықтарының бұзылуы сапасыз тауар сатып алумен, сапалы қызмет көрсетілумен байланысты болады. Облыс тұрғындары көбінесе сапасыз тауарды қайтарып беру, жиһазға тапсырыс бергенде сапасыз қызмет түрін алу сияқты мәселелермен кездеседі.   

Транспорт пен логистиканы цифрландыру туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әліби Көшірбаев баяндама жасады.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының аумағында әуе, теміржол, теңіз және жолаушылар тасымалы жұмысында цифрландыру бағдарламасы қолданылады. Автобус паркін жаңартқаннан кейін, жолаушылар тасымалы мен электрондық билеттерді бақылау жүйесі - «InfoBus» мобильді қосымшасы іске қосылады. Бұл жүйе көлік құралдарының қозғалысын, оның белгіленген бағдардан ауытқуын, көрсетілген бақылау нүктелерінің нақты келуін, тоқтау уақытын және сапар уақытын қадағалауға мүмкіндік береді.

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.