СҰЛТАНҒАЗИЕВ М.Е. КЕДЕН ОДАҒЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ КЕДЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ БІРІККЕН АЛҚАСЫНЫҢ 31-ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

СҰЛТАНҒАЗИЕВ М.Е. КЕДЕН ОДАҒЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ КЕДЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ БІРІККЕН АЛҚАСЫНЫҢ 31-ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

2019 жылғы 20 маусымда Бішкек қаласында (Қыргыз Республикасы) Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасының 31-ші отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы отырыстардың тұрақты қатысушысы болып табылады. Қазақстандық делегацияны Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы басқарды.

Кеңесте қолданыстағы кедендік заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар өзекті мәселелері қаралды.

Кездесу барысында кедендік операцияларды оңтайландыруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды, атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік құралдары туралы ақпаратпен алмасу, халықаралық тасымалдауға уақытша әкелінген автокөлік құралдарын кері экспорттамаған тасымалдаушыларға қатысты шаралары туралы, кедендік транзит кезенің анықтаудағы жалпы тәсілдерді әзірлеу туралы.

Комитетпен Күн тәртібіне:

- Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 3 қазандағы №131 шешімін тарату туралы;

- тасымалдаушы жеткізген жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялаудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу және басқа ұқсас өніммен ауыстыру мақсатында қайтару туралы мәселелер енгізілді.

Комитеттің бастамасын Тараптар қолдады, отырыста тиісті шешімдері қабылданды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтері басшыларымен екіжақты кездесулердің шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тауарлар транзитінің бірыңғай жүйесін құру және басқа да көптеген мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, Бішкекке сапары барысында Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік салық қызметі басшылығымен салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша екіжақты кездесу өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға және нығайтуға дайын екендігі айтылды.

 

 ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.