Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде импортталатын  тауарларға акциз төлеу.

Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде импортталатын тауарларға акциз төлеу.

Қазақстан Республикасының  Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық Кодексінің (әрі-Салық Кодексі) 460 бабына сай Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын  осы Кодекстің 462-бабында көрсетілген тауарларға акциздер салынады.

Ол тауарларға келесілер жатады:

- спирттің барлық түрлері;

- алкоголь өнімі;

- темекі бұйымдары;

- қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотині бар сұйықтық;

- бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;

- шағын автобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, 10 және одан да көп адам тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары;

қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

- шикі мұнай, газ конденсаты;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім.

Салық Кодексінің 461 бабына сай  акцизделетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ шенберіңде импорттайтын салық төлеушілер және кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттайтын жеке тұлғалар да акциз төлеушілер болып табылады.

Акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.

Акциздердің мөлшерлемелері заттай түрдегі өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада белгiленедi.

Акцизделетін тауарларға акциздер мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Еуразиялық экономикалық одақта акцизді төлеу тәртібі Салық Кодексінің  48-тарауына сәйкес, яғни келесі айдын 20-шы жұлдызына дейін төленуі тиіс.

 

  

Абилов Б.С.

Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер басқармасының кеден одағы шенберіңде жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің

бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.