Көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу кезінде неге назар аудару керек.
Көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығының тракторлары мен тіркемелері қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарының ТР ТС 031/2012 ТР орындалуы маңызды рөл атқарады.
Осы Кеден одағы техникалық регламенті Кеден одағының кедендік аумағында ауыл шаруашылық және орман шаруашылық доңғалақты және шынжыр табан тракторлар мен олардың тіркемелеріне қойылатын, қолдану және орындау, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын, ауыл шаруашылық және орман шаруашылық доңғалақты және шынжыр табан тракторлар мен олардың тіркемелерінің еркін орын ауыстыруын қамтамасыз ету үшін бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу мақсатында әзірленді.
Техникалық регламенттің талаптары Кеден одағы техникалық регламенті барынша ең жоғары есептік жылдамдығы 6 км/сағ. кем болмайтын тракторлар мен тіркемелерге қолданылады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігіне әсер ететін және шығарған еліне қарамастан тракторлар мен тіркемелерден жеке Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылатын, қайтадан дайындалатын және енгізілетін тракторлар мен тіркемелердің компоненттеріне қолданылады. Осы Кеден одағы техникалық регламентінің талаптары қолданылатын компоненттердің тізбесі ЕЭК сайтында орналасқан.
Кеден одағының техникалық регламентінің 1 статьяның 2 бөліміне сәйкес Кеден одағы техникалық регламенті мыналарға:
-жеке-жеке дара, сондай-ақ жеке шығармашылық тәртіппен дайындалатын тракторлар мен тіркемелерге;
-Осы Кеден одағы техникалық регламенті күшіне енгенге дейін Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылған, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында бұрын пайдалануда болған, пайдалануда тұрған немесе жөндеуден өткен тракторлар мен тіркемелерге қолданылмайды.
Нарықта айналымға шығарар алдында тракторлар, тіркемелер немесе құрауыштар осы Кеден одағы техникалық регламентінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растаудан өтуге тиіс.
Сыналатын барлық өнімдер бірнеше негізгі санаттарға бөлінеді:
Т санаты – дөңгелекті тракторлар, С санаты – шынжыр табан тракторлар, R санаты – тіркемелер.
ТР ТС 031/2012 ҚС-ның 6-бабының 5.1-тармағына сәйкес өнімді дайындаушы немесе импорттаушы куәлікті беру үшін мынадай құжаттар пакетін дайындауға тиіс: Ереженің №2 нысанындағы трактордың немесе тіркеменің толық техникалық сипаттамасы; пайдалану нұсқаулығы; техникалық шарттар, сызбалар, жабдықтарды нақтылау, басқа да жобалау құжаттары; өнімнің және оның жекелеген құрамдас бөліктерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар; өнімді жеткізу туралы келісімшарт; ілеспе құжаттар; тест есептері (бар болса).
Жоғарыда келтірілген техникалық регламенттер туралы көбірек білгіңіз келсе Еуразиялық экономикалық комиссияның веб-сайтынан немесе Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116, 311 кабинет, тел: 8 (7112) 51-07-54 мекен жайында орналасқан Батыс Қазақстан облысы бойынша техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменттіне хабарлассаңыздар болады.
Email: uktrm_zko@mail.ru
Ж.Тыгынбаев
ТРМК БҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы
[xfvalue_img]
26 пікір