Заманауи мемлекеттік қызмет стратегиялық-инновациялық моделге көшуге бағытталған

Заманауи мемлекеттік қызмет стратегиялық-инновациялық моделге көшуге бағытталған

 

Мемлекеттік қызметтің  жағдайы туралы 2018 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының Президентімен мақұлданды.  Баяндамада мемлекеттік қызметтің жай-күйі, осы саладағы 2018 жылы атқарылған жұмыстың нәтижелері, болған өзгерістер мен болашақ жоспарлар туралы айтылған.

Бүгінгі күні Қазақстанның мемлекеттік қызметі тұрақтылығымен ерекшеленеді. Соңғы екі жыл ішінде  кадрлардың мемлекеттік қызмет жүйесінен кету көрсеткіші 6,2 пайызды құраса, теріс себептермен кету көрсеткіші 4,6 пайызға азайған. 2018 жылы халық арасында  жүргізілген тәуелсіз әлеуметтік сауалнама олардың 60 пайыздан астамының мемлекеттік қызметке қабылданатын тұлғалардың сапалық құрамының жақсарғандығы туралы пікірменен келісетіндігін көрсетті. Бұл жағдай қазіргі уақыттағы мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлерге қойылатын жоғары талап пен қоса, осы саладағы  заңнамамен көзделген қызметшілердің үздіксіз біліктілігін арттыру, тәлімгерлік, тағылымдамадан өту құралдарының ендірілуімен байланысты.

Сондай-ақ, қызметке қабылдау процессінің объективтілігіне 80 пайызы жоғары баға берген.   Бұл ретте  2018 жылы Агенттіктің күш-жігері меритократия қағидатының одан әрі күшеюіне мемлекеттік қызметке қабылдау сапасының жақсаруына бағытталған болатын. Атап айтсақ, құзыреттілігі бойынша  тестілеу  жетілдірілді. Басшы лауазымға орналасуға үміткерлер үшін тестілеуден басқа, олардың сауаттылығы мен стратегиялық көзқарасы және сыни ойлау деңгейін бағалау үшін эссе жазу қарастырылған. Әңгімелесудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін үміткерлердің конкурсқа байқаушыларды тартуына, өту барысын бейне, аудиоға жазып алу мүмкіндігі қарастырылған.  Онымен қоса, үміткерлер үшін бір үлгідегі сұрақтар ашық түрде жарияланған. Нәтижесінде 2018 жылы конкурстық таңдау кезіндегі заң бұзушылықтардың саны жартылай төмендеген.

Ұлттық баяндамада мемлекеттік қызмет жүйесіндегі қол жеткізген нақты көрсеткіштер келтірілген. Соның бірі мансаптық модельге көшкеннен бергі уақыттағы қызметшілердің тек мемлекеттік органның шеңберінде ғана емес, сонымен қатар өңірлерден орталыққа ілгерілеу санының өскендігі. Жүргізілген әлеуметтік сауалнама мемлекеттік қызметшілердің 70 пайыздан астамының меритократия қағидатына сәйкес  мансаптық ілгерілеу мүмкіндігіне сенетіндігін көрсеткен.

Мысалы өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарында ішкі конкурстардың нәтижесінде   мемлекеттік қызметшілердің 76 пайызы жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалған, яғни олардың мансаптық күтулері қанағаттандырылған.

2018 жылдан бастап бірнеше мемлекеттік органдарда еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшудің пилоттық жобасы іске асырылуда. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігін арттыру үшін, бірінші кезекте қайталанатын қызметтерді алып тастау,   басқару буындарын қысқарту, кейбір құрылымдарды орталықтандыру көзделген. Мысалы, Ақмола облысы әкімдігінде жүргізілген өзгертулердің нәтижесінде басқармалардың және басшылық құрамның саны қысқартылды.  

Біркелкі процесстерді орталықтандыру және автоматтандыру мемлекеттік органдар жұмыстарының жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.

Баяндамада 2019 жылы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңды тұжырымдамалды түрде қайта қарастыру, оның ішінде «әлеуметтік маңызды қызмет» түсінігін енгізу, мемлекеттік органдарда стратегиялық, реттеушілік және бақылау функцияларын сақтап, іске асырылатын функцияларды ведомстволық ұйымдарға беріп, мемлекеттік аппараттың оңтайлы басқару құрылымын құру мәселелерін пысықтау. «А» корпусына тікелей конкурстық іріктеу жүйесін жетілдіру және «Б» корпусы лауазымдарына кандидаттарды заңнаманы білуге тексеруден олардың құзыреттілік деңгейін анықтауға біртіндеп көшу,  жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне көшу мақсатында мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынышты ұйымдардың шығындарын оңтайландыру жұмыстарын жалғастыру және т.б. тың шаралар ұсынылған.

Бұл шаралар мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіруге, оның ішінде мемлекеттік аппараттың келесі кезеңі - стратегиялық-инновациялық моделіне көшуін қамтамасыз етері сөзсіз.

 

    

  Братаева Р.

                                      ҚР МҚІ СЖҚІҚА Ақмола облысы бойынша басшының орынбасары                                         

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив