Мемлекеттік қызметтің моральдық қағидаттары

Мемлекеттік қызметтің моральдық қағидаттары

Әр адам үшін мамандық таңдау өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі екендігі анық. Әрине, таңдаған кәсібі оған ұнауы шарт.

Мемлекеттік қызметтің үлкен жауаптылықты, әрдайым біліктілігін арттырып, өзін-өзі дамытуды, тағы басқа жеке қасиеттерді қажет ететіндігі мәлім. 

Қазіргі уақытта облысымыздың мемлекеттік органдарында  алты мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Олардың мемлекеттік қызметті таңдауына не себеп? Бірінші кезекте, оған адамның  қабілеттері, біліктілігі, мінез-құлық ерекшеліктері, қалыптасқан құндылықтары мен басымдықтары, мүдделері, әлеуметтік орта ықпал етеді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшіге қойылатын талап зор. Мысалы, «Б» корпусының мемлекеттік лауазымына орналасуға үміткерлер үш кезеңдік  таңдаудан өтеді. Бірінші кезең мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестілеу. Екінші кезеңде азаматтар бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау, ал  басшы лауазымдарға үміткерлер онымен қоса   стратегиялық ойлану және көшбасшылық   деңгейін анықтауға арналған тестілеуден өтеді. Мемлекеттік қызметке орналасу төменгі лауазымдардан басталады. Кейін мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету олардың бiлiктiлiгi, құзыреттері, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріліп жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметке дұрыс шешім қабылдай білу және қабылдаған шешімі үшін жоғары жауапкершілік тән. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші уақыт талабына сай, өзгерістерге жылдам бейімделгіш, өзін өзі дамытуға, тың ақпараттар мен өзгерістерді талдай отыра, жұмысын жақсарту үшін уақытылы шара қолдануға икем болуы тиіс. Онымен қоса, мемлекеттік қызметшінің моральдық, адамгершілік қасиеттерді ұстануы басым талаптардың бірі. Мемлекеттік қызметтегі азамат үшін «халыққа, қоғамға адал қызмет жасау – менің парызым» деген басты қағидат болуы шарт.

Дамыған мемлекеттердің тәжірибесі елдің бәсекеге қабілеттілігі мемлекеттік аппараттың кадрлық әлеуетіне мүдделі екендігін көрсетіп отыр. Бұл мәселе Елбасының назарынан тыс қалған емес. 2016 жылы мемлекеттің қызмет саласының кезекті реформасы жүргізілген болатын.

Мемлекеттік қызметтің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының күшеюі қызметшілердің сапалық құрамына жақсы әсер еткендігін ерекше атап өткен жөн. Қазіргі уақытта олардың 89,1%  жоғары білімді мамандар, соның ішінде 14%  екі не одан көп жоғары білімі барлар.  Мысалы 2014 жылғы деректер бойынша жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілер саны  76,2%, ал екі не одан көп жоғары білімі барлар 10% құраған болатын. Бүгін облысымыздың мемлекеттік органдарында ғылым кандидаттары, «Болашақ» бағдарламасының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлектері қызмет етеді және олардың саны жылдан жылға көбеюде. Өткен жылдармен салыстырғанда конкурстың қорытындысы бойынша қызметке қабылданғандардың саны екі есеге артып отыр.

Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық ілгерілеуі үшін конкурстық таңдауға көшу олардың  мансаптық күтулерінің қанағаттандыру факторына оң ықпалын тигізді. Осылайша үстіміздегі жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарда 130 мемлекеттік қызметші ішкі конкурстардың нәтижесінде жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалған, бұл ішкі конкурстар нәтижесі бойынша тағайындалғандардың 75,6%  құрады. Яғни 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  23,2% артқан.

Жоғарыда келтірілген мысалдар жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижелерінің көрсеткіштері. Дегенменен, отандық және басқа елдердің тәжірибесі мемлекеттік қызмет әкімшілік-құқықтық негіздермен қоса қоғамда қалыптасқан моральдық қағидаттарға сүйенген жағдайда анағұрлым нәтижелі болатындығын дәлелдеп берді. Олар - адалдық, әділдік, адамгершілік, сатылмайтындық. Мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдірген әрбір азамат ең алдымен оның халық алдындағы биік жауапкершілікті талап ететін қызмет екендігін терең түсінуі қажет. 

Жоғары оқу орындарын аяқтаған жастар үшін мемлекеттік қызметке  тұру – жақсы бастау және болашақта мансап құрудың негізі болып табылады. Алайда, жастар тәжірибесі болмағандықтан мемлекеттік қызметтің қаншалықты жауапты іс екендігін түсіне бермейді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет жүйесіне сауатты, жауапкершілігі мол жастарды тартудың жаңа тәсілдері енгізілуде. Осы орайда ағымдағы жылы облысымызда жоғары оқу орындарының студенттері үшін Мемлекеттік басқару академиясы филиалының базасында жас мемлекеттік қызметшінің мектебі ашылып, жұмыс істеуде.  Мемлекеттік қызметшілер мектебіне дәріс өткізу үшін  көп тәжірибелі  мемлекеттік қызметшілер, Болашақ бағдарламасының түлектері, психологтар мен бизнес-тренерлер тартылуда. Оқу тақырыптары тыңдаушылардың мемлекеттік қызметке кіруі үшін қажет білімін және  жеке қасиеттерін шыңдауға бағытталған.

  

Р. Братаева

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының орынбасары                                                      

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив