Есірткі жарнамаларын таратқан жас жігіттер ұсталды
Азаматтардың көмегімен Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері синтетикалық есірткіні ұсынатын интернет-сайт жарнамасын таратқан 30 және 32-жасар қала тұрғындарын ұстады.
Олар ғаламтор сайттары арқылы есірткі заттарын өткізу және оларды пайдалануға еліктіруге қатысы бар жарнамаларды таратқан. Оларды ұстау кезінде тарфарет пен аэрозоль бояу баллондары тәркіленді.
Жыл басынан 100-ден астам осындай сайттар анықталып, оларды бұғаттау бойынша ақпаратты құзырлы органдарға жолданған.Полиция департаменті осы азаматтар туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса Есркі қылмысына қарсы күрес басқармасының анонимді сенім телефон нөмірлеріне: 71-63-93, 71-62-60 немесе 102 хабарласуын сұрайды.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз-қызметі
[xfvalue_img]
11 пікір