Елордалық Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы азаматтардың көмегімен тыйым салынған заттарды белгілі жерлерге жасыра отырып таратқан екі күдіктіні ұстады
Белсенді азаматтық ұстанымын таныта отырып, ер азамат үйінің жанында бірнеше рет күдік тудырған адамдарды көргені жөнінде полицияға хабарлаған.
Қала тұрғынының хабарламасына сәйкес полицейлер жедел әрекет еткен. Нәтижесінде Алпамыс көшесі бойында орналасқан тұрғын үйдің жанында айналымда тыйым салынған заттарды таратады деген күдікпен 24 жастағы жігіт пен 27 жастағы қызды ұстаған. Тергеу шаралары барысында олар аталған заттарды жасырған жерді көрсеткен.
Бүгінгі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 297- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған тұлғалардың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Ағымдағы жылдың басынан полицейлер психобелсенді заттардың таралуына қатысы бар 45-тен астам сайтты анықтап, бұғаттады. Тұрғын үй кіреберістерінде есірткі заттарын жариялайтын сайттардың сілтемесін жазып жүрген екі құқық бұзушыны ұстаған.
Астана қаласының Полиция департаменті заңсыз есірткі айналымына қатысты тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері жөнінде белгілі болған жағдайда, Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының 71-63-93;71-62-60 анонимді сенім телефондарына немесе 102 нөмірі арқылы қоңырау шалуларын сұрайды.
[xfvalue_img]