Астана полицейлері елордаға есірткі заттарын жеткізу каналын жойған
Ағымдағы жылғы 09 қарашада Астана қаласы ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде «каналды» жойған, сондай-ақ елорда аумағына есірткі заттарын жеткізу және таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің алдын алған.
Кешенді жедел-тергеу және іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ұйымдастырушы және негізгі жеткізуші, бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған Жамбыл облысының тұрғыны 1982 жылы туған аз. «Д» ұсталған.
Бір уақытта Астана қаласында ЕБҚКБ қызметкерлері фигуранттың қылмыстық байланыстарын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Нәтижесінде оның екі қатысушысы елорда аумағында есірткі заттарын тасымалдауға, сақтауға және өткізуге қатысы бар 37 және 39 жастардағы жергілікті тұрғындарды ұстады, олардан тұрғылықты жері бойынша жабдықталған жасырын орыннан жалпы салмағы 15 килограмм «гашиш» есірткі заты тәркіленді.
Қазіргі уақытта ұсталған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 297-бабы «Адамдар тобының алдын ала келісуі бойынша аса ірі көлемде есірткі, заттарын сату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Барлық ұсталған тұлғалар Астана қаласы ІІД УҰИ орналастырылған.
Астана қ. ІІД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]