Ұлттың болашағы  білімді де жігерлі жастардың қолында

Ұлттың болашағы білімді де жігерлі жастардың қолында

 

 «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты,

биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жасотаншыл, патриот келеді,

халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады».

Н. Назарбаев

 

Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет бола отырып, жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – білімді жастардың қолында. Елбасымыз 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында  – Жастар жылы деп жариялағандықтан, қазақстандықтар үшін 2019 жыл ерекше жыл болып табылады.

Жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке еліміздің жастары тарапынан қызығушылықтар артып келеді. Осының бір дәлелі ретінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер санының артуы, ел жастарының мемлекеттік қызмет саласына қызығушылығын байқатады.

Бүгінгі таңда  конкурсқа қатысып, мемлекеттік қызметшілер қатарына кіру мүмкіншілігін толық пайдалану әр адамның құқығы және әр тұлғаға қолжетімді. Еліміздің мемлекеттік қызметі меритократия принциптерін ұстана отырып, айқын әрі қолжетімді форматқа айналып отыр. Әр азамат өзі-өзін танытып, мансаптық жағынан жоғарлауына тең құқықтылығын жүзеге асыра алады.

Қазіргі күнде меритократия қағидаты бойынша мансап жолында мемлекеттік органда басшы лауазымына дейін көтерілген жас мемлекеттік қызметшілердің саны артуда. Сараптама нәтижесі бойынша 2018 жылғы көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көтерілген. Атап айтақанда, 74 қызметкер меритократия қағидатымен мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасындағы конкурс нәтижесінің қорытындысы бойынша тағайындалған.

Мансап жолында бас маманнан басшы лауазымға дейін  Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының орынбасары, 26 жастағы                Ж.Р. Жұмағұлов, 28 жастағы «Есіл» ауданы аппарат әкімінің персоналды басқару қызметінің басшысы И.М. Сергазина, 28 жастағы «Алматы» ауданы аппарат әкімінің тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Н.Х. Абдраимов мемлекеттік қызметте лайықты орын алып, елімізде мемлекеттік кәсіби аппарат құру жолында өз үлесін қосып жүрген жас мемлекеттік қызметшілер.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері болып табылатын әрбір жас, еліміздің мемлекеттік қызмет саласына шынайы адал еңбек ете отырып, өзін-өзі дамыту арқылы кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолында отанымызды халықаралық жоғары деңгейге жеткізе алатынына үмітіміз мол.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бас маманы Б. Нұрова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив