«Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасы
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын -алу іс-шарасы аясында, сондай-ақ, қоғамда құқық бұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру мақсатында полиция қызметкерлері полицияның қоғамдық көмекшілері, "Жас Сақшы" студенттік құқық тәртібі жасақтарымен бірлесіп, күнделікті түрде профилактикалық іс-шараларды өткізуде.
ЖААІШ 3 күні бойынша полиция қызметкерлері 60-қа жуық қылмысты ашып, іздеуде жүрген 8 қылмыскерді ұстады, 10-нан астам тұлға тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін ұсталды, профилактикалық есепте тұрған 900-ге жуық адам тексерілді, жеке тұлғалардағы қару мен патрондарды сақтауды, есепке алуды және техникалық жағдайын ұйымдастыру бойынша 2500-ге жуық азаматтық қару иесі тексерілді.
Сонымен қатар, ЖААІШ кезінде 4400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: 1900-дан астамы көлік құралы жүргізушілерінің белгіленген жүру жылдамдығын арттырғаны үшін, 800-ден астамы шетел азаматтарының ҚР-ның көші-қон заңңамасын бұзғаны үшін, 530-дан астамы алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша, 40-тан астамы Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу бойынша, 5-і көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну бойынша, 20 –дан астамы жүргізушілердің көлік құралын масаң күйде басқаруы бойынша болса, 20 шақтысы көлік жүргізушілерінің көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде қарсы жүріп өту және т.б.
[xfvalue_img]