«Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасы
Елорда аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын-алу және ескерту мақсатында Астана қаласы полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызметі Басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 21-23 ақпан аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын-алу іс - шарасын өткізуде.
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін ЖЖЕ өрескел бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу, көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, қала аудандарының жеке секторларын, оның ішінде шеткі және саяжай алқаптарын және т. б. бойынша іс-шаралар өткізуде.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарына жедел алдын - алу іс-шараларын жүргізуде түсіністікпен қарап, құқық бұзушылықты анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы
[xfvalue_img]
22 пікір