«Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысы.
Жол - көлік оқиғаларының алдын-алу, жол қозғалысы ережелері бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында Астана қаласы ПД - нің Жергілікті полиция қызметі ағымдағы жылдың 02-03 қараша аралығында елорда аумағында "мас жүргізуші-қылмыскер"жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін 30-ден астам құқықбұзушы анықталды (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес «алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы...»), 84 жүргізуші жаяу жүргіншіні ережемен бекітілген тиісті жолақтан өткізбеген (ҚР ӘҚБтК-нің) және 8 жүргізуші жүргізу куәлігінен айырылып, алайда көлікті жүргізген (ҚРӘҚбК-нің 612-бабына сәйкес). Сонымен қатар, жол ережелерін бұзып, жолды тиісті жерден өтпеген 160 жаяу жүргінші анықталды.
Астана қ. ПД-нің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]