Ақпарат
Астана қ. Полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызметі Басқармасының учаскелік инспекторы өзінің әкімшілік аумағын тексеру барысында Тәуелсіздік даңғылындағы дүкендердің бірінен алкоголь өнімін тиісті лицензиясыз сақтау фактісін анықтады.
Аталған факті бойынша Х. есімді жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабы «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Астана қ. Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен алкоголь өнімі тәркіленіп, 1978 ж.т. Х. есімді дүкен иесі 44 188 теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Астана қ.ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы
[xfvalue_img]