Ақпарат
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астана қаласы «Алматы» ауданы ІІБ Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы әкімшілік аумақты тексеру барысында 21 жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сату фактісін анықтады. Манас көшесінің бойындағы дүкендердің бірінде, дүкен иесі этил спиртінің көлемдік үлесі 8 % асатын «Балтика 9» маркалы 2 сыра бөтелкесін 1998 ж.т. С. есімді азаматқа сатқан.
Алкоголь өнімдерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін дүкен иесіне 1962 ж.т. А.есімді азаматқа ҚР ӘҚБТк-нің 200-ші бабының 1 тармағы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Астана қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен А. есімді азаматқа 67 340 теңге көлемінде айыппұл салынып, 1 ай мерзімге дейін алкогольді өнімдерді сату лицензиясы уақытша тоқтатылды.
Жыл басынан бері Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК 200 бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша 185-тен астам факті анықталды.
Еске сала кетсек, жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу –лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі
[xfvalue_img]